Көкжайлау Іле Алатауы ұлттық паркіне қашан қайтарылады?

zakon.kz
Министр оның бір айға созылатынын айтты.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ОКҚ брифингінде Көкжайлау шатқалы Іле Алатау ұлттық паркінің құрамына қашан қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"2020 жылы 30 қыркүйекте қордағы жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне ауыстыру тәртібін реттейтін тиісті заң қабылданды. Аталған заңның қабылдануы Көкжайлауды Іле Алатау ұлттық паркінің құрамына қайтаруға заңнамалық негіз болды. Оның жер көлемі шамамен 1 мың гектардан асады. Қазіргі кезде жерді саябаққа беру туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленіп жатыр", – деді Брекешев.

Министр оның бір айға созылатынын айтты.

"Жылдың соңына дейін қаулы жобасын келісу және бекітуді аяқтаймыз деп ойлаймын. Яғни, жыл соңына дейін Көкжайлау шатқалы Іле Алатау ұлттық паркінің құрамына қайтарылады",- деді министр.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі