Мамин шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды

primeminister.kz
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдеріне коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттыру тапсырылды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасады, дейді primeminister.kz.

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бақылауға алынған. Вирустың репродуктивті индексі – 0,96. Инфекциялық төсек-орындар 37%, реанимациялық төсектер 30% толы.

Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы "жасыл аймақта", Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары "сары аймақта" орналасқан. Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл аймақта" тұр.

Бүгінгі таңда 8,2 млн-нан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, 7,4 млн-нан астам адам екінші компонентін алды.

Көрші елдердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды.

Әсіресе шекара маңындағы өңірлердің әкімдеріне санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, сырқаттанушылық деңгейіне мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдау, сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру тапсырылды.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдеріне коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттыру тапсырылды.

Денсаулық сақтау, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне халыққа вакциналау мен ревакцинацияның маңыздылығын, денсаулықты сақтаудың жалғыз жолы – коронавирусқа қарсы вакцина алу екенін түсіндіру жұмыстарын одан әрі жүргізу тапсырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады