Қазақстанда бала емізетін әйелдерге вакцина салына ма

pexels.com
Вакцинаны салу бойынша ешқандай клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда бала емізетін әйелдерге вакцина салу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Біз өндірушінің ұсыныстарын қараймыз, ресми ақпаратты сұраймыз, содан кейін ғана бұл мәселе иммундау комиссиясына енгізіледі, белгілі бір шешім қабылданады. Егер өндіруші нұсқаулықта бала емізетін әйелдер үшін қауіпсіз десе, онда біз де бұл мәселені өзара талқылаймыз, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Ресейде емізетін әйелдерге " Спутник V " салуға рұқсат етілген. Дегенмен вакцинаны салу бойынша ешқандай клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.

Біздің сұрау жібердік, енді ресми жауапты күтуіміз керек. Сондай-ақ, бала емізетін әйелдерге егуге болады деген сөз нұсқаулыққа енгізілуі керек. Менің ойымша, бұл бір айға созылуы мүмкін, - деді Алексей Цой.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қазақстанда ақылы вакцинацияның қанша тұратынын айтқан болатын. Сондай-ақ, Pfizer компаниясының өкілдерін брифингке шақыруға уәде берген еді.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды