Алматыдағы эпидахуал оптимистік болжам бойынша дамуда - Сағынтаев

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алдын ала жүргізілген профилактикалық шаралар КВИ дертінің төмендеуіне ықпал етті. Ең басты тиімді шара – жаппай вакциналану, соның арқасында ұжымдық иммунитеттің артуы байқалады.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай вакциналау басты рөл атқаратын ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы жайына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Егер қазіргі қалыптасқан жағдайды сақтап қалғымыз келсе, белсенді түрде екпе жасауымыз керек. Тіпті, "сары" аймақта болсақ та. Бұл бізге алаңсыз өмір сүріп, жұмыс істеп, қазіргі қолданыстағы кейбір шектеулерді алып тастау үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Сондықтан, қала тұрғындарын "антиваксерлердің" сөзіне құлақ аспауға, өз жүрегіне сүйеніп, денсаулықтарын, жақындарының денсаулығын ойлауға шақырамын, – деді Сағынтаев Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирі барысында.

Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал 20 қазаннан бастап 300-ден кем жағдайды тіркей отырып, оптимистік болжам бойынша дамуда.

Пандемия басталғаннан бері Алматыда КВИ-дің 177,2 мың жағдайы тіркелді, ағымдағы жылдың басынан бері – 158,7 мың адам. Дерттің апталық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда бір апта бұрынғы 113,9-дан 89,5-ке дейін және тәуліктік өсім 0,2-ден 0,14-ке дейін төмендеуде. Оның үстіне, инфекцияның берілу индексі 0,98-ден 0,88-ге дейін азаяды.

Алдын ала жүргізілген профилактикалық шаралар КВИ дертінің төмендеуіне ықпал етті. Ең басты тиімді шара – жаппай вакциналану, соның арқасында ұжымдық иммунитеттің артуы байқалады. Бүгінгі күні ол ресми тіркелген халық санының 54,4%-ы. Халықтың ресми санының 46,5%-ы екі компонентпен вакциналанды, ал жыл басынан бері ауырып жазылған адамдардың 7,9%-ы екпе салдырды.

26 қазанда қалада коронавирустық инфекцияның 230 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 222-ы симптомды жағдай. Инфекциялық стационарларда 1056 адам (28 бала) жатыр, оның ішінде 52-сінің жағдайы өте ауыр, 501-і ауыр, 502-сі орташа ауыр жағдайда. ОРИТ-те 106 пациент бар. ӨЖЖ аппаратында – 24, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында – 47, High flow - 27 аппараты қолданыста.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті