Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

elbasy.kz
Абу-Дабидің тақ мұрагері Елбасына Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығымен марапаттағаны үшін алғыс білдірді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғары Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид әл Наһаянмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы достық қарым-қатынастың дамуы талқыланды. Тараптар Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің Абу-Дабиге сапарын атап өтті, деп хабарлайды "Хабар 24".

Айта кетсек, бұл сапардың нәтижесінде ұзақ мерзімге жоспарланған стратегиялық серіктестік жөніндегі үкіметаралық меморандумға қол қойылған.

Кездесуде Елбасы Біріккен Араб Әмірліктерінің халқын елдің құрылуына 50 жыл толуымен құттықтады.

Өз кезегінде Абу-Дабидің тақ мұрагері Елбасына Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығымен марапаттағаны үшін алғыс білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі