Финалға жеттік. Қазақ боксшылары рингке қашан шығады?

pexels
Төрт қазақ жұдырығын түйіп алып, алтын медаль үшін айқасады.

Сербияда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының аяқталуына тура екі күн қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 5 қарашада еліміздің атынан 2 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады.

Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Махмұд Сабырхан (54 кг) жұдырығын түйіп алып, алтын медаль үшін айқасады.

Жартылай финалдағыдай, жекпе-жекті Теміртас Жүсіпов бастайды. Оның қарсыласы Таиландтан келген мықтының бірі Вуттичай Юрачай. Алтын әкелетін жекпе-жекті жанкүйерлер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-де көре алады.

Артынша сағат 23:15-те Махмұд Сабырхан мен жапон жігіті Томою Цубойдың жекпе-жегі басталады.

Ал 6 қарашада Сәкен Бибосынов (51 кг) пен Серік Теміржановтың (57 кг) жекпе-жегін көре аламыз. Бұл екі жекпе-жек те қазақ-америка шайқасы болмақ. Себебі спортшылармыздың қарсыласы АҚШ-тан келген былғары қолғап шеберлері. Сәкеннің қарсыласы Роско Хилл, ал Серік Джамал Харвимен жұдырықтасады. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-де және 23:15-те басталады.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі