Вундеркинд Ақназар Қажымұрат жоғалып кетті

facebook.com
Бүгін жұма "Ақназар аман-есен болсын" деп дұға етіңіздерші.

Қазақстандық вундеркинд Ақназар Қажымұрат 3 қарашадан бері байланысқа шықпай, жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақназардың әкесі Арман өзінің Facebook парақшасында жазып, халықтан көмек сұрады.

Ұлым жоғалып кетті. Баламды көрген-білгендеріңіз болса, көмектесіңіздерші. Бүгін жұма "Ақназар аман-есен болсын" деп дұға етіңіздерші. Алла қалап, табылса екен. 14.08.2001 жылы туған Қажымұрат Ақназар Арманұлы 03.11.2021 жылы Алматыға кездесуге кетті. Соңғы рет апасымен сол күні сағат 20:27-де телефонмен сөйлескен, - деп жазды Ақназардың әкесі.

Ақназардың бойы – 175 см, салмағы – 60 кг, шашы мен көзі қара түсті, арық денелі. Егер Ақназарды көрген-білгендер болса + 7 747 503 19 54 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз. WhatsApp: + 7 700 267 19 78.

Айта кетейік, Ақназар Қажымұрат Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқыған. АҚШ-тағы ACT мен SAT Subject Tests халықаралық емтихандарынан ең жоғары балл жинап, бірегей рекорд орнатқан болатын (ACT емтиханында 36 баллдан 36 балл, SAT Subject Tests емтиханында әр пәннен ең жоғары балл - 800 екен. 800-ін үш пәннен жинап, абсолютті 2400 ұпай алған). Әлемнің ең мықты университеттерінен шақырту алған ол Гарвард университетін таңдаған.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды