Түркістан облысында дауылдан 51 елді-мекен жарықсыз қалды

Zakon.kz
Абырой болғанда адамдар аман

Түркістан облысындағы алапат дауыл бүгін де басылмай тұр. Салдарынан 51 елді-мекеннің 26 мыңдай тұтынушысы жарықсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, топырақ аралас жел, әсіресе Бәйдібек ауданындағы ауылдарға зиян келтірген.

Сондай-ақ, табиғаттың тосын мінезінен Арыс қаласы мен Сайрам, Отырар, Ордабасы аудандарында үйлердің шатыры желге ұшты. Электр желілері үзіліп, істен шықты. Бүгінде жарыққа жауапты мекеменің 25 бригадасы қалпына келтіру жұмыстарына тартылды. 80-нен астам құтқарушы мен 22 бірлік техника жұмылдырылды. Қатты дауыл әлі де жалғасады деген болжам бар, деп хабарлайды "Хабар-24".

Ерік Сарыбасов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Енді "Қазгидромедтің" беріп отырған мәліметіне сәйкес, дауылды жел бүгін де сақталады. Кей жерлерде дауылды жел тұруы мүмкін. Осыған байланысты бүкіл облыс, аудан-қалаларда әкімдік тарапынан шұғыл штабтар құрылып, барлық қызметкер күшейтілген қызмет түріне көшірілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз