Бектанов әлем чемпиондары мен жүлдегерлерін құттықтады

Айта кетсек, бокстан әлем чемпионатында өз салмағында алтын алғандар - армиялық Теміртас Жүсіпов пен кіші сержант Сәкен Бибосынов. Орталық спорт клубының мерзімді әскери қызметтегі қатардағы жауынгері Махмұд Сабырхан күміс олжалады.

ҚР Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов Сербияда өткен бокстан әлем чемпионатында ерекше көзге түскен қазақстандық чемпиондар мен жүлдегерлерді құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрметті армия спортшылары! Сіздерді Сербияның Белград қаласында өткен Әлем чемпионатындағы жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанның абыройын асқақтатып, Қарулы Күштердің беделін арттыруға үлес қостыңыздар.Әлем чемпионатында әскер спортының атынан үш бірдей медаль алу – жоғары нәтиже. Әлемнің мықтылары сыналған шаршы алаңда ел намысын лайықты қорғадыңыздар, - деді Бектанов.

Айта кетсек, бокстан әлем чемпионатында өз салмағында алтын алғандар - армиялық Теміртас Жүсіпов пен кіші сержант Сәкен Бибосынов. Орталық спорт клубының мерзімді әскери қызметтегі қатардағы жауынгері Махмұд Сабырхан күміс олжалады.

Беделі әлемдік бәсекеде туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз шырқалды. Сіздерді жеңіспен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, ел игілігі жолында талай белестерді бағындыра берулеріңізді тілеймін!, делінген Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектановтың құттықтау хабарламасында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: