Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында оқушыларды коронавирусқа қарсы қалай және қай жерде вакцинациялау керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Цой балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді коронавирусқа қарсы вакциналау үшін 4 млн 230 доза вакцина сатып алынғанын еске салды.
Балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдерді коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету мақсатында 4 млн 230 мың доза вакцина сатып алынды. Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. 12-17 жастағы балалар, жүктілік мерзімі 16-37 апталық әйелдер және бала емізетін әйелдер босанғаннан кейін 42 күннен соң вакцинациялауға жатады Pfizer вакцинасын сақтау ерешелігін ескере отырып, 34 мұздатқыш сатып алынды және 16 өңірге жеткізілді. Сонымен қатар, қосымша 51 мұздатқыш сатып алынды. 15 қарашаға дейін 379 мың доза көлеміндегі Pfizer вакцинасының бірінші партиясын жеткізу жоспарлануда. Балаларды вакциналау оқу орны бойынша егу пункттерінде, яғни білім беру ұйымдарында жүргізіледі. КВИ-ға қарсы вакцина білім беру ұйымдарында және республиканың егу пункттері желісінде де жүргізілетін болады. Ата-аналардың немесе кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің өзге де заңды өкілдерінің ерікті түрде хабардар етілген келісімінен кейін ғана, - деп атап өтті министр.
Бақытжан Отарбаева