Қазақстанға жеткізілген Pfizer туралы не білу керек?

COVID-19 - дан қорғанудың жалғыз тиімді әдісі - иммундау!

Pfizer вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта әлемнің 20-дан астам елінде 12 жастан бастап, жекелеген елдерде 3 жастан бастап (Қытай) және 5 жастан бастап (АҚШ) жасөспірімдерге вакцинация жүргізілуде.

Америкада Пфайзер өндіретін вакцина шамамен 8 миллион адам егілді, оның ішінде 5 жастан асқан балаларды вакцинациялау басталды, Қытайда – 2021 жылдың қазан айында 3 жастан 17 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы белсенділігі жойылған отандық вакцинаны шұғыл қолдану қабылданды және аталған жастағы 60 миллионнан астам балалар мен жасөспірімдер егілді.

Ағымдағы жылдың тамыз айының соңында Канадада 58%-ға дейін 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер КВИ-ге қарсы толық егілді.

Қазақстанда 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін аналар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін халықтың осы топтарындағы қауіпсіздіктің және жоғары тиімділіктің дәлелді базасы бар Пфайзер өндіретін вакцинаның қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

Қазақстанда коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцинация тегін жүргізіледі және ерікті болып табылады. Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің келісімімен ғана жүргізіледі. 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялауға ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің хабардар етілген жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.

12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде жүргізіледі, ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің қалауы бойынша жасөспірімдер медициналық ұйымның егу пункттерінде егілуі мүмкін.

Мектеп бекітілген медициналық ұйым жасөспірімдерді вакцинациялау үшін егу бригадаларының медициналық қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз етеді.

Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін сақтау мен тасымалдаудың әртүрлі деңгейлерінде "суық тізбек" қамтамасыз етіледі.

Пфайзер өндірісінің вакцинасы минус 60-90°C температурада облыстық денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларында сақталады.

Білім беру ұйымдары мен медициналық ұйымдардың егу пункттерінде күнтізбелік 31 күнге дейінгі мерзімге плюс 2-8°C температурада сақталады.

Мектеп бекітілген медициналық ұйым және мектеп басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:

Пфайзер өндірген вакцинамен вакцинациялау алдында

Вакцинациядан кейін

Вакцинацияланған адам вакцинациядан кейін 30 минут ішінде вакцинаны алған жерде медицина қызметкерінің бақылауында болады.

Вакцинациядан кейін келесі күтілетін реакциялар болуы мүмкін:

Иммундаудан кейін жағымсыз салдарлар туындаған жағдайда - медициналық көмекке жүгіну қажет.

"Пфайзер"өндірісінің вакцинасымен вакцинациялауға қарсы көрсетілімдері:

Жіті инфекциялық аурулары бар адамдар үшін және созылмалы аурулары асқынған кезеңде коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцинациялауды кейінге қалдыру керек.

"Пфайзер"өндірісінің вакцинамен вакцинациялау кестесі:

1 дозасы - кез келген нөлдік күн;

2 доза - бірінші дозаны алғаннан кейін 21-ден 28 күнге дейінгі аралықпен.

Вакцинацияның артықшылықтары:

Вакцинация жүргізер алдында коронавирусқа КВИ мен антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді.

КВИ-мен ауырып жазылған адамдар сауыққаннан кейін 6 айдан соң, вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалауды ескере отырып, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жатады. КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинациялауға жол беріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: