Pfizer мен тұмауға қарсы екпені қатар алуға бола ма?

pfizer.com
Бұл препараттың флаконы алты адамға арналған, оның дозасы – 0,3 миллилитр.

"Комирнати" (Pfizer, АҚШ) вакцинасымен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны бастау туралы" баспасөз мәслихатында препараттың бір флаконы қанша адамға есептелген деген сұраққа жауап берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Комирнатиді" сақтауға арналған екі терең мұздатылған тоңазытқыш бар. Олардың көлемі 780 текше метрді құрайды, олардың әрқайсысында 350 мың дозаны сақтауға болады. Тоңазытқыштар Алматының Орталық қоймасында орналасқан. Жақын арада тағы төрт тоңазытқыш жеткізіледі деп күтілуде.

Қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қызылша немесе тұмауға қарсы екпе алған соң бір ай күту керек, содан кейін коронавирусқа қарсы вакциналауға болатынын айтты.

Бұл препараттың флаконы алты адамға арналған, дозасы – 0,3 миллилитр. Егер вакцина жарамсыз болып қалса, тергеу ұйымдастырылады, - деп атап өтті Әсел Қалықова.

Бұл бір күнде шешілмейді. Комиссия құрылады, препараттың қай кезеңде бүлінгені, температура режимі, жеткізу және сақтау шарттары тексеріледі. Тексеру қорытындысы бойынша жауапты адамдар жазаланады. Суық тізбек жүйесі өндірушіден екпе салуға дейін сақталуы тиіс.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі