Мемкірістер департаментінің қызметкерлері ұсталды

Zakon.kz/Максим Золотухин
Олар жүйелі түрде пара алған.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР АШМ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы ірі-қара мал мен ұсақ малды жедел және кедергісіз өткізгені үшін кеден бекеттерінде кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде пара алған.

Қазіргі уақытта бірқатар лауазымды тұлға ұсталып, Шымкент қаласы бойынша ІІД УҰИ-ға қамауға алынды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз