Ақтөбе облысында "самопал" алкоголь сатылғаны ашылды

pexels
Ақтөбе облысында алкоголь өнімдерін заңсыз сату дерегінің жолы кесілді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті жалған есепке алу-бақылау таңбалары бар суррогат алкоголь өнімін дайындау және өткізу дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңсыз айналымға түсетін алкоголь өнімдерінің негізгі бөлігі көбінесе антисанитариялық жағдайда, жерасты цехтарында немесе үйде жасалады, деп ескертеді ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Мәселен, Ақтөбе облысының тұрғыны өз үйінде алкоголь өнімдерін жасап, ыдыстарға құйып, кейіннен облыстың сауда нүктелеріне өткізген.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында 600 литр спирт, жалған ЕБМ, заттаңбалар, құюға арналған ыдыстар, сондай-ақ 7 мыңға жуық бөтелке дайын алкоголь өнімі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Этил спирті спирттік ішімдіктерді қолдан өндірудің басты компоненттерінің бірі болып табылады. Адам ағзасына түскеннен кейін ол денсаулыққа ауыр зардаптары бар улануды тудыруы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек