ШҚО-дағы гидростанция шетелдіктерге сатыла ма? Облыс басшысы ойын айтты

60 жыл бұрын салынған станцияға күрделі жөндеу керек.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі ОКҚ-де өткен брифингте Өскемен және Шүлбі су электр станциялары шетелдік инвесторларға сатылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда мұндай шешімді Үкімет қабылдайды. Десек те олар шетелдік инвесторларға немесе отандық кәсіпкерлерге сатылатын шығар. Бұл әлі белгісіз. Ең бастысы оған қанша инвестиция құйылатынында, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, Даниал Ахметов 60 жыл бұрын салынған станцияға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезек күттірмейтін іс екенін атап өтті.

Бұған қаражатты қайдан алады? Бұл мәселеге осы қырынан қарау қажет. Қысқа уақыттың ішінде Үкімет өз шешімін шығарады, – деп түйіндеді ШҚО әкімі.

Әріпжан Әли

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: