Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке пәтердің кілті табыс етілді

Ақмола облысы әкімдігі
Пәтер кілтін облыс әкімі табыс етті.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке Көкшетау қаласынан пәтер кілті мен ақшалай сертификат табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат облыс әкімі спортшының жетістігіне тоқталғанын хабарлайды.

Біз, ақмолалықтар Теміртастың жеңісін мақтан тұтамыз! Бұл - ерекше жеңіс. Бұл - ерлер арасындағы әлем чемпионатында Ақмола облысының алғашқы алтын медалі. Теміртас тәжірибелі спортшы. Осы жоғары марапатқа жету жолында ол әскери қызметкерлер арасында екі рет әлем чемпионаттарын жеңіп алды. Бұл жеңістердің лайықты нәтижесі әлем чемпионатының алтын медалі болды, - деді Ермек Маржықпаев.

Айта кетелік, Белградта (Сербия) өткен XXI әлем чемпионатында ақмолалық боксшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды