Жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз екпе салдырғысы келсе, не болады

Zakon.kz
Бұл сауалға Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали жауап берді.

Жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз Pfizer вакцинасын салдырғысы келсе, медицина қызметкерлері не істейді? Бұл сауалға Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sputnik Қазақстан хабарлағандай, Лаура Мырзағалидың айтуынша, вакцина салдыруға баланың өзі келсе, мектеп ата-анасының нөмірін алып, байланысқа шығады.

"Жасөспірім вакцина салдыруға медициналық мекемеге өзі баратын болса, ата-анасына хабарласып, рұқсатын сұраймыз. Қалай болса да, ата-ананың рұқсаты қажет", - деп толықтырды ол.

Ал баласына вакцина салуға рұқсат берген ата-ана медициналық мекемеге бірге бара алады немесе баланың өзін жібере алады.

"Ата-ана рұқсат берсе, ол деректер медицина қызметкерінде және бала оқитын сынып жетекшісінде болады", - деді Мырзағали.

Оның айтуынша, Алматыда 1 600-ден астам ата-ана балаларына Pfizer вакцинасын салдыруға келісім берген. .

"12 қарашада емханада Pfizer вакцинасын салу басталды. Сондай-ақ мектептерге барып вакцина салуға дайынбыз. Мектеп басшылығымен бірлесе жұмыс атқарылды. Pfizer вакцинасы жеткізілетіні айтылғаннан бастап ата-аналардың оған дайындығын сұрастырдық. Қазір қалада 8 аудан бойынша сараптама жүргіздік, 12 жастан 17 жас аралығындағы 1 619 балаға вакцина салуға рұқсат берді. Ата-ананың рұқсаты мен арнайы тізімі бар", - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті