Назарбаев Дәулет Сембаевтың туған-туыстарына көңіл айтты

Akorda
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дәулет Сембаевтың қайтыс болуына байланысты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті қаржыгер, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дәулет Сембаевтың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Саналы ғұмырын отандық қаржы саласын дамытуға арнаған Дәулет Хамитұлы тәуелсіз Қазақстанның зейнетақы жүйесін реформалауға, ұлттық валютамыз – теңгенің енгізілуіне елеулі үлес қосқан қайраткер тұлға болатын. Ол көптеген жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Ұлттық банк төрағасы, Парламент Сенатының депутаты болды. Білім-білігімен және қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне аянбай атсалысып, көптің зор құрметіне бөленді", – делінген жеделхатта.

Елбасы Дәулет Сембаевтың жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді, делінеді Елбасы сайтында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді