Қазақстан финтех индустриясын дамытуда бұрын-соңды болмаған серпіліс жасады

Реттеуді оңтайландыру одан да үлкен әлеуетті іске асыруға мүмкіндік береді.

Алматыда қаржыгерлердің IX Конгресі өтті. Конгрессте қаржы саласын цифрландыру жеке тақырып ретінде қарастырылды. Сонымен қатар, реттеуді жеңілдету арқылы финтех индустриясының дамуын жеделдету мүмкіндіктері белсенді түрде талқыланды.

Қазақстан қаржы саласының цифрлық күн тәртібін дамытудың көп бөлігінде алдыңғы қатарда келе жатыр, - деп атап өтті өз сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев, - Цифрлық қызметтердің арқасында біз елде қолма-қол ақшасыз төлемдердің айтарлықтай өскенін байқаймыз. 5 жыл ішінде халықтың қолма-қол ақшасыз төлемдерінің көлемі 26 есеге, ал интернет пен мобильді қызметтер арқылы төлемдердің үлесі рекордтық көрсеткішке жетіп, 22%-дан 83%-ға дейін өсті.

Өзгерістердің серпінін жіберіп алмау және қаржы саласын одан әрі цифрландыруды қолдау маңызды".

Досаев мырзаның айтуынша, қаржы нарығының бірдей қолжетімді цифрлық инфрақұрылымын дамыту Ұлттық банк қызметінің басым бағыттарының бірі. Бұл инфрақұрылым Ұлттық төлем жүйесі мен цифрлық биометриялық сәйкестендіру платформасын қамтиды. Жетілдірілген аналитиканы қолданудың жаңа мүмкіндіктерін ашатын және нарық қатысушылары үшін реттеу талаптарына сәйкестікті жеңілдететін бірыңғай қаржы нарығының бизнес деректері Платформасын құру мәселесі талқылануда.

Сонымен қатар біз платформалық бизнес-модельдерді құрудың және қаржы нарығында экожүйелерді қалыптастырудың тұрақты үрдісін көріп отырмыз, - деді Ұлттық банк басшысы, - экожүйелер индустриялар арасындағы шекараны жоюда, тұтынушылар "бір терезе" қағидаты бойынша әртүрлі қызметтердің тұтас кешенін алуға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ Ерболат Досаев тұтынушылардың жеке деректері қаржы нарығы үшін маңызды активке айналғанын атап өтті. Бұл ретте тұтынушы өз деректеріне қол жеткізуді толық бақылауы және оның қауіпсіздігіне сенімді болуы керек. Ұлттық Банк басқа реттеушілермен бірлесіп, мәліметтермен, оның ішінде мемлекеттік дерекқорлардағы деректермен алмасу және сақтау үшін құқықтық база мен тиісті инфрақұрылымды құрады. Open API стандарттары мен Open Banking инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыс жалғасады.

Қазақстан инновацияда, цифрландыруда және финтех өнімдерін жасауда бұрын-соңды болмаған серпіліс жасады, олар бүгін, дәл қазір қазақстандықтардың өмірін жақсартуда, - деді қазақстандық Kaspi.kz финтех компаниясының басшысы Михаил Ломтадзе, - бұл инновациялардың драйвері тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік деңгейде көпшілікке үлгі Kaspi.kz болып отыр. Kaspi.kz капитализациясы бойынша әлемдегі ірі финтех компанияның бірі және бұл компания барлық әзірлемелерін Қазақстанда жасайды.

Kaspi.kz-тің өткен жылғы сәтті IPO-сы жалпы елдің инвестициялық тартымдылығын арттырды. Бірқатар беделді әлемдік инвестициялық қорлар, соның ішінде бұрын-соңды Қазақстанға инвестиция салмаған америкалық қорлар бүгінде Kaspi.kz инвесторлары болып табылады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанда мұндай финтех индустриясы болады деп ешкім елестете де алмады. Ал қазір компаниялардың барлығы немесе банктер цифрлық инновациямен айналысады. Бұл барлығы үшін басымдыққа айналды, - деп атап өтті Михаил, - бүгінде ешкім қолма-қол ақша алып жүрмейді, тауарды жеткізу арқылы сатып алады, салықтар мен коммуналдық төлемдерді комиссиясыз онлайн төлейді және бұлар қаржы институттарының барлығында бар.

Инновациялардың қарқынды дамуына реттеуші органдардың қолдауы және Ұлттық банк құрған инфрақұрылым ықпал етуде. Мысал ретінде Михаил Ломтадзе 2020 жылдың көктеміндегі локдаун кезінде карталық шотты онлайн ашуды келтірді. Бұл рекордтық мерзімде жасалып, халыққа әлеуметтік көмекті тезірек жеткізуге мүмкіндік берді. Kaspi.kz басшысы Цифрландыру министрлігі, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар атқарып жатқан ауқымды жұмыстарды да атап өтті. Мәселен, мобильді қосымшада көлікті қайта тіркеу қызметі әлемнің ешбір жерінде жоқ. Ал Қазақстанда әрбір үшінші көлік Kaspi.kz супер қосымшасында онлайн тіркеледі.

Біз технологиялар мен инновациялар қазақстандықтардың өмір сүру стандарттарын жақсартып, елдің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп есептейміз, - деді Михаил Ломтадзе. - Біз қазірдің өзінде үлкен жетістіктерге жеттік және цифрлық қызметтерді одан әрі дамыту үшін әлі де зор әлеует бар.

Михаил әріптестерінен қолданыстағы реттеудің жылдам даму мен инновациялық қызметтерді құруға мүмкіндік бермейтінін жиі еститінін баса айтты. Осыған байланысты Михаил талқылауға бірнеше ұсыныс жасады.

Ол қаржы институттарына бизнестің жаңа бағыттарын құру үшін қажетті активтерді алуға рұқсат беруді ұсынды. Мысалы, Халық банкі Қазпоштаны жекешелендіруге қатысуға ниетті, басқа банктер ұялы байланыс операторларын сатып алуда. Михаил мұндай транзакциялар мен қызметтерді реттеу қажет екенін, бірақ ол оны бәсеңдетпей, дамуға ықпал етуі керек екенін атап өтті. Сатып алу инвесторлардың есебінен жүзеге асырылады және бұл туралы ұмытпау керек.

Сондай-ақ, Ломтадзе мырзаның айтуынша, әртүрлі ойыншылар банктік қызметтер мен клиенттерге қол жеткізе алатын ашық банктік платформа құру қажет. Бұл инновациялық қызметтерді құруға және бәсекелестіктің өсуіне жаңа мүмкіндіктер береді. Бұл Ерболат Досаев айтқан Open API және Open Banking жүйесі деп аталады.

Kaspi.kz басшысы тек банктерге ғана емес, сонымен қатар финтех компанияларға, соның ішінде шетелдік компанияларға да Open API және Open Banking-ті қолжетімді жасауды ұсынды.

Әріптестер менімен келісуі екіталай, бірақ мен қазақстандық және халықаралық технологиялық компанияларға қазақстандықтар үшін инновациялық қызметтерді де жасай алуы үшін Open API-ге қатысу мүмкіндігін беруіміз керек деп есептеймін. Неге Қазақстанның банк секторы шетелдік компаниялармен бәсекелесуден қорқады? Керісінше, олардың нарыққа кіруін жеңілдету керек. Бұл бәсекелестікті арттырады, бұдан тұтынушылар ұтады. Соңғы 2-3 жылда цифрландыру мәселесінде бір-бірімізге қозғалыс әкелдік. Ал шетелдік компаниялар мен қаржы институттары кірсе, біз одан да жылдам дамимыз. Біз Kaspi.kz-те бәсекелестіктен қорықпаймыз. Бәсекелестік жақсы! - деп түйіндеді сөзін Михаил Ломтадзе.

Жақында Ұлыбританияның Сауда министрі Ранил Джаяавардена да Қазақстанға келген сапары барысында елдің жедел цифрландыруын және бұл үдерістегі Kaspi.kz рөлін атап өтті.

Біз Қазақстанның құн тізбегін көтеруге, өндірістік және біліктілік базасын және қызмет көрсету секторын дамытуға ұмтылысын қолдаймыз. Мен, мысалы, Kaspi қаржылық қызмет көрсететін тамаша қосымша екенін естідім. Жақсы жас IT-мамандардың дамуымен бірге Қазақстанның цифрлық секторы Ұлыбританияда қалай дамып жатқанын көретін шығармыз, - деді Джаяварден мырза.

"Фридом Финанс" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов та қазақстандық қаржы секторы мен электронды үкімет әлемдегі ең озық салалардың біріне айналып келеді деп есептейді.

Біздің цифрлық банктеріміз және біздің жетістік тарихымыз қазір дамыған елдерде талданып, зерттелуде", - деп атап өтті ол Конгрессте сөйлеген сөзінде, - Мен америкалық банкирлерге Қазақстанда бар өнімдер туралы айта бастағанда, олардың көздері шарасынан шыға жаздайды. Бізде дәл қазір елдегі ең керемет әлемдік инновациялар бар.

Бұрын-соңды Қазақстандағы қаржылық форумдарда цифрландыру мәселесі осыншама көп талқыланбаған. Бұл саладағы табыстар мен керемет даму перспективалары нарықты жандандырғаны, инновацияларды шабыттандырып, клиент үшін бәсекелестікті күшейткені анық. Бұл процестерге мүмкіндік берсек жағып берсек, алдағы жылдары қаржы секторының дамуын алға сүйрейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: