COVID-19-ға қарсы ревакцинация туралы қаулыға қол қойылды

КВИ-ге қарсы ревакцинациялауды КВИ-ге қарсы алғашқы вакцинациялау курсына пайдаланылған вакцинамен жүргізуге жол беріледі.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда халықты COVID-19-ға қарсы ревакцинациялау туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол үшін мыналар қажетті:

КВИ-ге қарсы ревакцинациялауға жататын халықтың контингенттері (тәуекел топтары):

1) медицина қызметкерлері;

2) педагогтар;

3) күш құрылымдарының қызметкерлері;

4) медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті;

5) 60 жастан асқан адамдар;

6) КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың аяқталған курсынан кейін КВИ-ге қарсы антиденелер анықталмаған иммунитеті әлсіреген адамдар (иммуносупрессивті терапиядағы адамдар (лейкемияны, лимфоманы және миеломаны қоса алғанда, қатты ісікті немесе гематологиялық қатерлі ісікті белсенді иммуносупрессивті емдеу немесе осындай емдеу тоқтатылғаннан кейін 12 ай ішінде), гемодиализдегі адамдар, трансплантат реципиенттері, АИТВ жұқтырған ауыр бастапқы иммун тапшылығы);

7) өз бетінше тексерілген (КВИ-ге қарсы алғашқы вакцинацияның курсы аяқталғаннан кейін кемінде 28 күннен ерте емес) өткен және КВИ-ге қарсы антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдар.

КВИ-ге қарсы ревакцинациялау КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың алғашқы курсында қолданылмаған вакцина типтрімен (белсенділігі жойылған вакцина, векторлық вакцина, м-РНҚ-вакцина) жүргізіледі.

КВИ-ге қарсы ревакцинациялау мынадай аралықтарды сақтай отырып жүргізіледі:

1) векторлық вакциналарды енгізгеннен кейін – 9 айдан кейін;

2) белсенділігі жойылған вакциналарды және м-РНҚ-вакциналарды енгізгеннен кейін – 6 айдан кейін.

КВИ-ге қарсы ревакцинациялауды КВИ-ге қарсы алғашқы вакцинациялау курсына пайдаланылған вакцинамен жүргізуге жол беріледі.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: