Тоқаев Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының төрағасын қабылдады

Ақорда
Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланды.

Қазақстан Президенті Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының төрағасы Рик Демсті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері, оның ішінде Ауғанстандағы ахуал сөз болды, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рик Демске ілтипат білдіре отырып, оның сапары атаулы дата – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

Сіздің сапарыңызды дәл уақытында жасалды деп санаймын. Өйткені ол бізге қол жеткізген жетістіктерімізді қорытындылауға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын пысықтауға мүмкіндік береді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясымен жан-жақты диалогты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Рик Демске адам құқықтары мен заң үстемдігін нығайтуға және жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған Қазақстандағы демократиялық реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтты.

Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының төрағасы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды құптап, еліміздің Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші Факультативтік хаттамасына қол қойғанын ерекше атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды