Қазақстандықтар АҚШ-қа тікелей рейспен ұша алады

Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құру керек.

Мәжіліс депутаттары спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялауды мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов атап өткендей, келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құру.

Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының әуе қатынасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарына және америкалық тараптың ұсыныстарына сәйкес, келісім шеңберінде тараптар авиакомпаниялар, межелі пункттер мен жиіліктер саны бойынша, оның ішінде жолаушылар тасымалы үшін шектеусіз ұшуды орындай алады, - деді Индустрия министрлігінің басшысы Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, кез келген қазақстандық авиакомпания Қазақстанның кез келген қаласынан шексіз жиіліктегі жолаушылар ұшуын, сондай-ақ АҚШ пункттері арасындағы жүк ұшуларын орындай алады.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды