Алматы және Қарағанды облыстарында жолдар жабылды

pixabay
Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуға болады, - дейді төтеншеліктер.

Ауа райының нашарлауына байланысты облыстық трассалардағы қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысында кейбір жолдар жабылды.

17 қараша күні сағат 17:00-де Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) Сарыөзек-Көктал автожолында, 45-68 шақырымындағы учаскесінде, Алтын Емел асуында ("РСУ-1" ЖШС қайта жаңарту учаскесі) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", – делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қарағанды облысында да жолдар жабылды.

17 қараша сағат 18:00-ден бастап Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) Екатеринбург – Алматы автожолында, 1505-1847 шақырымындағы учаскесі, Жұмабек ауылы - Балқаш қаласы трассасында ("СП КазГерСтрой" ЖШС және "СІТІС Cоnstraction"қайта жаңарту учаскесі) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жолдар жабылған болатын.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес береміз. Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуға болады, - дейді төтеншеліктер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі