Терроризмді насихаттаған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды

ТО ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысының полицейлері тыйым салынған материалдарды таратқан күдіктіні ұстады.

Түркістан облысының полицейлері тыйым салынған материалдарды таратқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни-экстремистік бағыттағы идеологияны насихаттайтын тыйым салынған материалдардың интернетте таралуының кезекті жайтын анықтап, оның жолын кесті.

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов жеткізді.

– Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде, “Facebook” парақшаларының бірінен белгісіз адамдардың тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның идеологиясын насихаттайтын бейнероликтер мен мәтіндік хабарламалар жариялағанын анықтады. Аталған материалдарды департаментте тіркеліп, сараптамаға жолдадық. Нәтижесінде сарапшылар бұл материалдарда терроризм мен экстремизмді насихаттаудың белгілері бар екенін растады. Осыған байланысты біз ҚР ҚК-нің 256-бабы 2-бөлігімен (Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеуді бастадық. Тексеру аясында Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері мен Түркістан облысы бойынша ҰҚКД бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ретінде Арыс ауданының тұрғынын ұстадық. Ұсталған ер адамның бұрын деструктивті-діни ағымның жақтаушысы және сотты болғанын анықтадық. Оның үйін тінту кезінде, біз әртүрлі компьютерлік техниканы, тыйым салынған діни әдебиеттер, ұялы телефон мен дискілерді тәркіледік. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты сотпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бүгінде істің мән-жайы жан-жақты анықталуда, – деп атап өтті полиция подполковнигі Құрманбек Сахов.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға ҚР заңнамасымен тыйым салынған діни-экстремистік бағыттағы материалдарды, оның ішінде әлеуметтік желілерде таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты