Экс-министр Нұрымбетовтың ағасына кесілген үкім өзгерді

Zakon.kz
Ол мемлекетке 54 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі Біржан Нұрымбетовтың ағасы – Тимуржан Нұрымбетовке кесілген үкім өзгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Жамбыл облыстық соты хабарлады.

Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2 қарашадағы қаулысымен Тараз қаласының №2 сотының сотталған Т.Нұрымбетовке қатысты 10 маусымдағы үкімі өзгертілді. Он жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру төмендетілді, деді Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 11 маусымда Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Тимуржан Нұрымбетов он жылға сотталды.

Ол 44 млн теңгеден астам сомаға ірі көлемде пара алды, алаяқтық жасады және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталды. Ол мемлекетке 54 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды