Қазақстанда жер қойнауын пайдалану құқығына үшінші электрондық аукцион өтеді

pixabay
Екі электрондық аукцион 2020 жылдың соңында және 2021 жылдың басында сәтті өткізілген болатын.

2021 жылғы 19 қарашада сағат 10:00-де электрондық аукциондар операторының сайтында: www.gosreestr.kz жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған үшінші электрондық аукцион өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін 25 жер қойнауы учаскесі бойынша екі электрондық аукцион 2020 жылдың соңында және 2021 жылдың басында сәтті өткізілген болатын.

2021 жылғы 18 тамызда электрондық аукционға шығарылған 22 учаскенің 14 учаскесі бойынша аукцион 19 қарашада өткізілетін болады, ал қалған 8 учаске бойынша "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 99-бабының 1-тармағына сәйкес қатысушылардың ең аз санының болмауына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционы өткізілмейді.


Электрондық аукционды өткізу электрондық нысанда аукциондарды өткізудің ашық және түсінікті тетігін құруға, сондай-ақ озық цифрлық технологияларды енгізуге және қазақстандық компаниялармен қатар шетелдік компанияларды да аукционға қатыстыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Аукционның барысын кез келген адам бақылай алады. Бұл үшін Оператор, яғни "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ, жеке ашық аукцион залын құрады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек