Назарбаев бейнеленген 20 000 теңгелік банкнот айналымға шықты

Национальный банк Казахстана
Мерейтойлық банкноттың 27 қорғаныш элементі бар

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған номиналы 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналыымға шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мерейтойлық банкноттың дизайны бірегей технология бойынша дайындалды: банкноттың тігінен орналасқан және номиналдың голографикалық бейнесін, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған логотипті және Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың факсимилесін қамтыған металсыздандырылған жолақ әлемде алғаш рет қолданылды. Қазақстан Ұлттық Банкі

Мерейтойлық банкноттың 27 қорғаныш элементі бар. Банкноттың дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған: алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың портреті, Нұр-Сұлтан қаласының және Ақорда Президент резиденциясының панорамалық көріністен тұрады.

Банкнот басым сұр түспен орындалған. Банкноттың мөлшері – 155 x 79 мм.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде жаңа міндеттерді айқындап берді

22 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жаңбыр, найзағай және бұршақ: 22 маусымға арналған ауа райы болжамы

Желідегі видео: Мұғалім жұмыстан босатылды, ал директор тәртіптік жауапкершілікке тартылды