Қаш! Айсұлтан Сейітов алғашқы фильмінің шет жағасын көрсетті

Видеодан кадр
Әлеуметтік желіде Айсұлтан Сейітовтің дебюттік фильмінің постері пайда болды

Режиссер және клипмейкер Айсұлтан Сейітов "ҚАШ" дебюттік толықметражды фильмінің постерін көрсетіп, көрерменді алаңдатып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл Қазақстанда түсірілген картина қазақ тілінде көрерменге жол тартпақ.

Сейітов пен оның Qara деп аталатын студиясы түсіру жұмыстарына бір жылдай дайындалған. Фильмнің сценарийін Албай Нұрманбетов жазыпты. Алайда туындының сюжеттік желісі жайлы режиссер тіс жармай отыр.

@aisultan

Актерлерге келсек, "Қаш" фильмінде басты рөлді Еркебұлан Дайыров сомдайды. Эпизодтарда ресейлік актриса Варвара Шмыкова төбе көрсеткен. Жобаның жай-жапсарын құпияда ұстаған режиссер дебюттік дүниесі 2022 жылдың соңына қарай көрсетілетінін айтып қалды.

24 жастағы Айсұлтан Сейітов 21 Savage, J. Cole және Offset үшін әнбаяндар түсіріп, осы жылдың жазында Канье Уэст Donda альбомын "Мерседес-Бенц аренада" трансляция жасаған еді. Сонымен қатар Сейітов Ресейлік Иван Дорн, Скриптонит, T-Fest секілді шоу-бизнес өкілдерімен шығармашылық байланыста.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады

Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі

Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді