Шымкент тұрғыны мемлекетке 1 миллиард теңге көлемінде залал келтіргені үшін сотталды

Сурет: pixabay
Қаржылық мониторинг агенттігі салық төлеуден жалтару мақсатында жосықсыз кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат А.Махатаевтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz

Тергеу мәліметтері бойынша, шымкенттік А.Махатаев 2017-2020 жылдар аралығында өзінің туыстары мен таныстарының атына 14 кәсіпорын тіркеген. Атап айтсақ: "Мейір құрылыс" ЖШС, "Тыныштық 2018", "Элит Капитель", "МАГМА-2018", "Әшімов и Ко", "A L A T A U K", "S-Industry", "БЕС ҚАСҚА", "ЖОРҒА 2019", "ИНТЕРТРАНССЕРВИС-2020", "eхcellent", "Угам 2018", "005", "Эверест к". Аталған кәсіпорындар кәсіпкерлікпен айналысу емес, контрагенттерге төлемдер төлеуден жалтару мақсатында құрылған.

Фирма көрсеткен деректер бір күндік қана болған әрі жеке кеңсесі, қызметкерлері мен өндірістік-техникалық базасы болмаған.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келді.

А.Махатаев қылмысы үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ оған 10 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті