Қазақстан Мажарстанмен бірлесіп, мерейтойға арналған пошта маркасын шығарды

Сурет: gov.kz
Пошта маркалары елшіліктің күнделікті хат-хабарларында, сондай-ақ кәдесый ретінде пайдалануға болады.

Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі Мажарстан поштасымен бірлесіп және Құрметті консулдың қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық пошта маркасын шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мажарстанның пошта маркасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының логотипі бейнеленген. Пошта маркалары елшіліктің күнделікті хат-хабарларында, сондай-ақ кәдесый ретінде пайдалануға болады. Қазақстан Республикасының Мажарстандағы елшілігі

Алғашқы мерейтойлық маркалар Мажарстан Үкіметі, ғылым және мәдениет өкілдеріне, қоғам қайраткерлеріне, сондай-ақ жергілікті коллекционерлерге, яғни филателистерге табыс етіледі.

Қазақстан елшілігі бастамашы болған марканың шығарылымын іске асыру кезінде филателия қағидаттары мен Мажарстан почтасының стандарттары ескерілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты