ҰҚШҰ әскери контингенті Қазақстанда қандай тапсырмаларды орындады

Сурет: gov.kz/memleket/entities/mod/press/news
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 2000 астам адамнан құралған бітімгерлік контингенттің елімізде қандай міндеттер атқарғанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, ресейлік әскери контингенті бар алғашқы ұшақ Қазақстанға 6 қаңтарда келіп қонды. Ізін суытпай артынан жедел түрде Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстаннан бітімгерлік контингенттер келген болатын.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер ұжымдық бітімгершілік күштерінің әскери қызметшілері терроризмге қарсы операцияға тартылған жоқ. Террористік топтарға қарсы негізгі іс-қимылдарды құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері жүргізді.

Сонымен қатар, елде ұйым елдерінің әскери бөлімшелерінің болуы Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен басқа да әлеуетті құрылымдардың қызметкерлеріне төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету және терроризмге қарсы операцияны өткізу жөніндегі іс-шараларға толық көңіл аударуға мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті жағдайды объективті бағалай отырып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерге Республикадағы жағдайды тұрақтандыруға жәрдемдесу үшін бітімгерлік күштерін жіберу туралы өтініш жасады.

ҰҚШҰ-ның Ұжымдық бітімгерлік күштері Қазақстан аумағында уақытша мерзімге келгенін және Қазақстан тарапының өтініші бойынша жағдай тұрақталғаннан кейін яғни бүгін олар өз елдеріне қайтатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Алматыдағы шыңдардың біріне апарар жолда жасөспірім тау ауруына шалдықты - ТЖМ дер кезінде көмекке келді