Сенатта электр энергетикасындағы ынтымақтастық туралы заң жобасы талқыланды

Құжаттар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру жөнінде өзгерістер енгізуге бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz

Сенаттың Экономикалық саясат жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде) өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобаларын талқылады.

Құжаттар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру жөнінде өзгерістер енгізуге, Еуразиялық экономикалық одақта адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құқықтық кеңістік қалыптастыруға, сондай-ақ мүше мемлекеттер экономикаларының электр энергетикасы саласындағы тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімнің ережелерін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың нормаларымен сәйкес келтіру жөніндегі нормалар жазылған.

Нұр-Сұлтан Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: