Өскемендіктер сайлау учаскесінде азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастырды

Сурет: Zakon.kz
Өскемен тұрғындары таңғы 6-дан бастап сайлау учаскелеріне келе бастады. Учаскелердің бірінде дастархан жайылып, келушілерге дәм қойылған. Ал басқа сайлау учаскесінде азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

№30 және  №31 сайлау учаскелері Өскемен қаласының №3 мектеп-лицейінде орналасқан. Мұнда таңғы 6-дан бастап алғашқы сайлаушылар келе бастады. Бірінде сайлаушыларды ыстық бауырсақ және шаймен күтіп алды. Ал екінші жақта азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылған.

Сурет: Zakon.kz

Бастапқыда сайлаушыларға азық-түлік төмендетілген, әлеуметтік бағада ұсынылады деп болжанған еді. Бірақ бәрі олай емес болып шықты.

Әлеуметтік бағада мыналар сатылады:

Бірақ әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізіміне енбеген тауарлардың бағасы арзан емес. Мысалы, шұжықтар 2700 теңгеден, тауық етінен жасалған шұжықтар 3000 теңгеден жоғары, бекон 2500 теңгеден сатылып жатыр.

Сайлау комиссиясының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында 537 сайлау учаскесі, оның ішінде 32-сі азаматтардың уақытша тұратын жерлерінде құрылған. 549 сайлау комиссиясы бар, оның ішінде 12 аумақтық, 537 учаскелік. Учаскелер 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Облыс бойынша кандидаттарға барлығы 500 мың адам дауыс береді.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма