Швецияның Қазақстандағы жаңа елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

Сурет: сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Швеция Корольдігінің Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Ева Пуланодан сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дипломаттар сұхбат барысында Қазақстан-Швеция ынтымақтастығының қазіргі күйі мен келешегін талқылады.

Роман Василенко екіжақты әріптестіктің өзара қызығушылық тудыратын барлық негізгі бағыттар бойынша серпінді дамып отырғанын айтты. Сұхбат барысында елшіге Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы да ақпарат берілді.

Ева Пулано сауда саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ұмтылысын білдіріп, өзіне оның көлемін едәуір арттыру міндетін қойғанын жеткізді.

Сұхбат соңында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды белсенді қолдауға келісті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады