Сенат сайлауы: кандидаттарды тіркеу аяқталды

Сурет: gov.kz
Сенат депутаттығына сайлауға түсуге 66 кандидат тіркелді. Олардың 20-сы әйел. 63 адам өзін өзі ұсынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ең жас үміткер 31-де. Кандидаттар арасында дәрігерлер, инженерлер, заңгерлер, саясаттанушылар, журналистер мен ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетейік, үміткерлерді ұсыну 14 желтоқсанға дейін жалғасты. Ал кандидаттарды тіркеу мен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 24  желтоқсанда басталды. Оны өткізуге 19 күн беріліп отыр. Яғни, сайлауға бір күн қалғанда түнгі сағат 12-де аяқталады. 13 қаңтар – тыныштық күні.

Негізі 130 үміткер құжаттарын тапсырған болатын. Орташа алғанда бір орынға 3 үміткер. Өңірлер арасында ең көп кандидат Алматы қаласы мен Жамбыл облысында, бес адамнан тіркелді. Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

4 кандидат Абай және Түркістан облыстарында тіркелген. Қалған 15 облыста және Шымкент қаласында 3 кандидаттан тіркелді. Кандидаттардың аты-жөні сайлау бюллетеніне әліпби тәртібімен жазылады. «Бәріне қарсымын» деген жол да енгізіледі. Сайлау туралы Конституциялық заңның 37-бабына сәйкес, бюллетеньдер облыстағы сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен дайындалады.

Отырыста интернет-ресурстың функционалды регламентін бекіту де пысықталды. Еске сала кетейік, 14 қаңтарда Сенат депутаттарын сайлау өтеді. Еліміздің 20 өңірінен бір-бір депутат сайланады. Әр кандидатқа бюджеттен 550 мың теңге қаражат бөлініп отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті