ҚР Парламенті Сенаты депутаттары сайлауының алдын ала нәтижесі жарияланды

14 қаңтарда барлық өңірден ҚР ОСК-ға ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына үміткерлерге берген дауыстың алдын ала нәтижесі келіп түсті. ҚР Парламенті Сенатындағы 20 орынға 55 үміткер өзара таласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Парламенті Сенатының сайлауы аяқталды. Алдын ала нәтижеге сәйкес, мына адамдар Сенат депутаты атанады:

Астана - ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай.

Алматы -  "Алматы даму орталығы" АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі Жанна Асанова.

Шымкент - Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров.

Абай облысы - Семейдегі құрылыс колледжінің директоры Қайрат Тастекеев.

Ақмола облысы - облыстық мәсихаттың хатшысы Талғат Жүнісов. 

Ақтөбе облысы - облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғманов.

Жамбыл облысы - Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев.

Атырау облысы - облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Наутиев.

Алматы облысы - Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев.

Батыс Қазақстан облысы -  облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов.

Қарағанды облысы - облыстық мәслихаттың хатшысы Серік Өтешов.

Қостанай облысы -  облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов. 

Қызылорда облысы - Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов.

Маңғыстау облысы - облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров.

Павлодар облысы - облыстық мәслихаттың хатшысы Ернұр Айткенов.

Солтүстік Қазақстан облысы - ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Ұлытау облысы - Сенат депутаты Советбек Медебаев.

Шығыс Қазақстан облысы - облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтов.

Жетісу облысы -  Сенат депутаты Амангелді Төлемісов.

Түркістан облысы - Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: