Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті

Бүгін, 28 ақпанда ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында вице-министр аймақтағы кен орындарының жұмысы мен мұнай өндірудегі жалпы көрсеткіштерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов жүргізіп отырды. 

Еліміз бойынша Қызылорда облысы мұнай өндіруден 5-ші орындағы өңір. Тиісінше, елде өндірілген мұнайдың 4,8 пайызы өңір (Қызылорда облысы) үлесіне тиесілі. Алайда өңірдегі кен орындарында мұнай өндірудің жыл сайынғы табиғи төмендеуі байқалады. Сол себепті Энергетика министрлігі мен Ұлттық экономика және қаржы министрлігі бірлесіп жер қойнауын пайдаланушыларды қолдау және кен орындарының өмірлік циклін ұзарту мақсатында қайта инвестициялау мәселесін пысықтауда.


Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Сондай-ақ, мемлекеттік теңгерімдегі газдың алынатын қоры шамамен 39 млрд.текше метрді құрайды. Оның 80 пайызы бос газ болып табылады. Дегенмен, оны өндіру экономикалық тұрғыда тиімсіз. Осы орайда вице-министр жер қойнауын пайдаланушыларды газ өндіру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ газ сатып алудың жаңа формуласы әзірленгенін атап өтті.

"Бүгінде Қызылорда облысының газдандыру деңгейі 70 пайызды құрайды. Сәйкесінше, 584 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілген. Биыл Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасы аясында Қызылорда облысы бойынша 13 жоба іске асырылмақ. Жалпы осы жылы Сыр өңіріндегі Төретам, Ақай, Бірлік, Қыраш, Жайылма, Еңбекші, Абай, Досан, Шалхия, Құттықожа, Кейден және Жиделіарық елдімекендеріне газ желілері жүргізіледі. Осыған сәйкес, шамамен 33 мың адам табиғи газға қол жеткізетін болады", - деді вице-министр Асхат Хасенов.


Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Оның айтуынша, өңірде 6 газ толтыру станциясы және 178 автомобильге газ құю станциясы бар.

"Биыл "Сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша" Заң қабылданады деп күтілуде". Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов


Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Кездесу барысында облыс тұрғындары өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Жиыннан кейін вице-министр БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізді.

Қызылорда
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: