Пікірсайыс: Нұрлан Әуесбаев Amanat партиясына төтесінен сұрақ қойып, наразылығын білдірді

Тікелей эфирде мәжіліс сайлауына қатысатын партиялар пікірсайысы өтіп жатыр. Онда сайлауға қатысатын партиялар негізгі мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Партиялар пікірсайысының екінші кезеңінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев Amanat партиясы атынан келген жауапты хатшы Елнұр Бейсенбаевға сұрақ қойды. Әуесбаев Amanat неше жыл билік басында отырып елімізді қиын жағдайға жеткізген" деп сипаттады.

"Ереке, сіздің партия 20 жыл билік басында. Сіздер қаржылай, әкімшілік жағынан қамтылғансыздар. Енді сіздер 20 жыл бойы ұйықтап келіп, тағы сайлауға түсіп, не бітірмексіздер? Қандай мәселемен шығып, елдің қай сеніміне ие болмақшысыздар?", - деп сұрақ қойды Нұрлан Әуесбаев.

Өз кезегінде Amanat партиясының өкілі Елнұр Бейсенбаев сұраққа 4 минут бойы жауап берді. 


"21-жылғы бағдарламамыздың 3-тен екісін орындадық. Сіздің көзіңіз көрмейтін болса, ақпарат беттерінен көрерсіз. Ол бағдарламаны орындау үшін біз арнайы жол картасын жасадық. Біздің фракцияның жұмысы әр депутатқа берілді. Соның арұасында "Мұғалімдер мәртебесін" жасадық. Олардың жалақысын көтердік, медицина мамандарының жалақсмыны көтердік. Мәденипет, басқа да саланың қызметкерлерінің жалақсыны көтердік", - деп жауап берді партия өкілі.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев Елнұр Бейсенбаев жауап беріп жатқанда ашуын білдіріп, оның сөзін бөліп жіберді. 

«Qazaqstan» телеарнасының эфирінде 19 наурызда өтетін парламенттік сайлауға қатысатын саяси партиялар өкілдерінің пікірталастары басталды.

«Аманат» партиясы атынан жауапты хатшы Елнұр Бейсенбаев;

«Ауыл» партиясы – партия төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев;

«Республика» партиясы – партияның тең төрағасы Сырымбек Тау,

 «Қазақстан Халық партиясы» - партия төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков;

«Байтақ» партиясы – саяси бірлестігінің төрағасы Азаматхан Әміртаев;

«Ақ жол» партиясы – партия төрағасының орынбасары Берік Дүйсенбинов;

ЖСДП партиясы – Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: