"Перуашев мәңгі басшы ма?". "Ақжол" партиясының өкілі қытыққа тиетін сауалға жауап берді

Сурет: Telegram/Qazaqstan.tv
"Respublica" партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау "Пікірталас. Сайлау-2023" атты тақырыптағы дебаттың тікелей эфиріндегі сұрақ-жауап айдарында әріптесінен "Ақжол" партиясы басшысының неге ауыспайтындығының құпиясын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Respublica" партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау тікелей эфирдің сұрақ-жауап айдарында өз сауалын "Ақжол партиясының өкілі Берік Дүйсенбиновке бағыттады

"Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіне шектеу қойдық. Президент 7 жылдан соң сайланбайды дедік. Ал Азат Перуашев ше, кім ол, одан басқа партияларыңызда тізгін ұстар адам, жалпы ішкі бәсеке деген жоқ па? Онда қалай сайлауға түсіп жатырсыздар?".

"Мәжілісте көзге көрінбейтін жұмыс көп. Әйтпесе, Қытайдағы қазақтарға араша түскен біздің партия. Азат Пеурашевтің бір өзі еліміздің заң жобаларына енгізілген 500-ден астам түзетулерге тікелей қатысқан. Кәсіпкерлік кодексінің авторы - біздің партия. Жалған кәсіпкерлік тезисін Қылмыстық кодекстен алдыртып тастау үшін 7 жылымыз кетті. "Жеке тұлғаның банкроттығы туралы" заң жобасының соңында 5 жыл жүрдік. Жол-жөнекей біз адам термейміз. Жүйелі жұмыста тұрақтылық керек", - деді "Ақ Жол" партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсенбинов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады