Қазақстандық БАҚ-тар Exit poll өткізу бойынша консорциум құру туралы меморандум қабылдады

Сурет: ашық дерек көздерінен алынды
2023 жылы 19 наурыздағы сайлауда ұлттық Exit poll бірыңғай тапсырыс берушісі болып табылатын жетекші республикалық "Zakon.kz" пен "Informburo.kz" интернет-ресурстары, "КТК" мен "31 арна" қосылып консорциум құрды.

Exit poll консорциумның тапсырысы бойынша ҚР ОСК-да аккредиттелген 3 әлеуметтанушы ұйым өткізетін болады:

- "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығы;

- Еуразиялық интеграция институты;

– "СОЦИС-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты.

Анықтама:

Exit poll (ағылш. – учаскіден шыққанда жүргізілетін сауалнама) әлемде кеңінен қолданылатын, дауыс беруден кейін сайлау учаскелерінен шығу кезінде жүргізілетін азаматтарды сұрау тәжірибесі. Қазақстанда Exit poll ұлттық сауалнамалары 2004 жылдан бастап өткізілуде.  Бұл сауалнаманың бағалау дәлдігі 1-3% болғанымен, ол сайлауға қатысатын кандидаттар мен партияларға берілген дауыстардың болжамды санын анықтауға мүмкіндік береді.

Алдағы exit poll нәтижелері 2023 жылғы 20 наурызда дауыс беру күні аяқталғаннан кейін консорциумға қатысушы республикалық телеарналардың тікелей эфирінде ұсынылатын болады.

 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр