ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы қызметінен босатылды

Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәди Такиевты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босату туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәди Такиев 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін "іскерлік әкімшілдендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол біршама жыл Алматы қаласы бойынша салық департаментінде жұмыс істеген. Одан бөлек ҚР Қаржы министрлігінің салық комитеті басқармасының бастығы, Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі, Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық бақылау департаментінің директоры, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі сынды лауазымды қызметтерде болған.

Ол 2020 жылы қыркүйектен бастап .ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып келді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады