Анна Башинская Amanat партиясынан шығарылды

Сурет: Facebook/Анна Башинская
2023 жылғы 3 мамырда Мәжіліс кулуарында депутат, Amanat партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев мәслихаттың экс-депутаты Анна Башинскаяның партия қатарынан шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Елнұр Бейсенбаевтың сөзінше, Анна Башинская Алматы қаласы мәслихатының депутаттығынан бас тартып қана қоймай, партиядан кеткен.
"Анна Башинская жақында ғана партия қатарына қабылданды. Жаңа адам. Ол мәслихат депутаты болды. Иә, абайсызда қателесті. Ол мұны мойындады. Әлеуметтік желіде өз пікірін білдіріп, шешім шығарып, депутаттық мандаттан бас тартты", – деді ол.

Сонымен бірге ол экс-депутаттың әрекеті партияның беделіне нұқсан келтірмейтінін мәлімдеді.

"Партия халықаралық істерге араласпайды. Біз басқа елдер президенттерінің мәлімдемесіне түсініктеме бермейміз. Бұл Amanat партиясының тікелей ұстанымы", – деп түйіндеді сөзін Елнұр Бейсенбаев.

2 мамыр күні Amanat партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров депутат Анна Башинскаяның жазған пікіріне түсініктеме бере келе, оның бұл пікірі партияның көзқарасын білдірмейтінін, Amanat партиясы өзге елдердің саясатына араласпайтынын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды