Жаңалықтар тізбегі
0

Amanat партиясы дау тудырған Анна Башинскаяның пікіріне қатысты түсініктеме берді

Amanat партиясы, Украинадағы жағдай, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 17:34 Сурет: Facebook/Анна Башинская
Amanat партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров депутат Анна Башинскаяның жазған пікіріне түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдарының бірінің жазбасына жазған түсініктемесінде ол: "Одан да Түркияға, Зеленский мырза! Ол жақта жыл он екі ай күн жылы" деп жазған еді.

"Анна Башинскаяның бұл пікірі партияның көзқарасын білдірмейді. Amanat партиясы өзге елдердің саясатына араласпайды", – деп жазды Станислав Канкуров Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, Анна Башинская бұл пікірі үшін кешірім сұраған.

"Дегенмен айтылған сөздің ауыртпалығы мен оның саяси астарын ескере отырып, бұл мәселені партия бей-жай қалдырмайды. Мәселені тез арада партияның тиісті құрылымдарында қарастыратын боламыз. Әрбір жергілікті мәслихат депутаты өзі тұрып жатқан мемлекеттің мүддесін басты орынға қоюға тиіс". Станислав Канкуров

Сәуірдің 29-ы күні Анна Башинская Facebook парақшасында мәлімдемесіне түсініктеме берді.

"Мен Facebook-те Украина президентінің "Deutsche Welle-де" шыққан  мәлімдемесіне ойланбастан түсініктеме жаздым. Түркия туралы жазғанда, айтпағым ол емес еді. Бауырлас түрік халқынан кешірім сұраймын", – деп жазды ол.

Ол Украина мен Ресей халғына бейбітшілік тілейтінін атап өтті.

"Кешіріңіздер, бұл менің қателігім. Бұл жағдайға пікір айтуға құқығым жоқ, біздің өз еліміз бар, депутат ретінде мен ең алдымен елдің амандығын ойлауым керек". Анна Башинская

ООсылайша депутат Қазақстан халқынан және партия мүшелерінен кешірім сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: