Елімізде конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді

Сурет: primeminister.kz
Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді, үкімет қаулысы шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басынан бері vемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қазақстандықтарға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға мүмкіндік берілді. Ал бұған дейін елге қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көлік иелері ресми тіркеу құжаттарының жоқтығынан қиындықтарға тап болды. 

"Үкімет бұл мәселені шешу үшін азаматтарға конструктор-автокөліктерді заңдастыруға және бастапқы тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті ережелерге өзгерістер енгізді. Мұндай көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым мөлшерлемесі 200 мың теңгені құрайды", - делінген үкімет хабарламасында.

Тіркелу үшін: 

Автокөліктерді заңдастыру үшін өтінімдерді Egov қызметтері және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады. Айта кету керек, ҚР-ға қосалқы бөлшектер түрімен әкелінген және кедендік тазартудан өтпеген автокөлікті тіркеу куәлігінде меншік құқығын өзгертуге тыйым салу және тек ҚР аумағында пайдалануға рұқсат беру туралы жазба көрсетіледі. 

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, акция басталғалы республика бойынша 107 мыңнан астам көлік заңдастырылған. Сонымен қатар 14 мыңға жуық конструктор-автокөлік анықталған.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады