ZHEIF-2023: Облыста интернет және байланыс сапасын жақсартуға бағытталған Жол картасына қол қойылды

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында Жамбыл облысында мобильді және талшықты-оптикалық байланысын қамтамасыз ету бойынша Жол картасына қол қойылды.

Оған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және байланыс операторлары қатысты.


Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі


Айта кету керек, «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясында 2023-2027 жылдарға арналған «Жамбыл облысының елді мекендерінің интернет желісіне және байланысына сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасы» байланыс операторларымен келісіліп әзірленген.


Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі


Аталған министрлік цифрландыру мен байланысты дамыту үшін қажетті инфрақұрылымды құру міндеттемесін алып отыр.


Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі


Жол картасы сәйкес, өңірдің 210 елді мекенінде мобильді интернет сапасын жақсарту, 155 елді мекенді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету, республикалық және негізгі облыстық маңызы бар жолдарды цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және тағы да басқа жұмыстар жоспарлануда.

Жоспарлы жұмыстар 2027 жылдың соңына дейін жалғасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды