Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент айтулы күннің Әзербайжанның мемлекеттілік тарихында ерекше мәнге ие екеніне тоқталып, өңір елдерінің мүддесіне сай Оңтүстік Кавказда ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызын атап өтті, делінген Ақорда баспасөз қызметі жариялаған жеделхат мәтінінде.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының деңгейін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдіргені де нақтыланады.
Бұған дейін Қазақстан мен Тәжікстан президенттерінің қатысуымен екі елдің ресми делегация мүшелері 14 құжат алмасқаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript