Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2025 жылғы 3 қазанда, Федеративтік Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Акорда дерегінше, мемлекет басшысы Франк-Вальтер Штайнмайерді Германияның бірігу күніне 35 жыл толуына орай құттықтады.
Президент бүгінде Германия әлемдік аренада беделді әрі ықпалды мемлекет саналатынын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript