Нұржан Нұржігітов консулдық корпус өкілдерімен бірқатар жеке кездесулер өткізді

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» Халықаралық экономикалық инвестициялық форумы аясында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов консулдық корпус өкілдерімен бірқатар жеке кездесулер өткізді.

Кездесулерге Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы Мохсен Фағани, ҚХР Бас консулы Цзян Вэй, Бельгия Корольдігінің Құрметті консулы Ван ден Вейх қатысты.


Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі


Тараптар екіжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті дамыту мәселелерін, елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың әлеуетін талқылады.


Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі


Облыс әкімі өз кезегінде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталып өтті.


Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі


Консулдық корпус өкілдері Жамбыл облысымен әлеуметтік-экономикалық байланыстарды нығайтуға мүдделі екендіктерін жеткізді.


Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы