Армения мен Әзірбайжан бір-бірінің территориялық тұтастығын өзара мойындады

Сурет: akorda.kz
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Мәскеудегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында Армения мен Әзірбайжан бір-бірінің территориялық тұтастығын өзара мойындауға келіскенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен, өз тарапымнан, Армения мен Әзірбайжан бір-бірінің территориялық тұтастығын өзара мойындауға келіскенін растағым келеді әрі осы негізде біз қарым-қатынасымызды реттеуде өте жақсы ілгерілеуге қол жеткізудеміз деп айтуға болады", - деп ТАСС Пашинянның сөзін келтіреді.

Сондай-ақ ол жуырда Баку мен Степанакерттің салмақты сындарлы диалогы басталатынын атап өтті.

Президент Әлиевтің айтуынша, Әзірбайжанның Арменияға қарсы территориялық талаптары жоқ.

"Баку мен Ереванның бейбіт келісімге келу мүмкіндігі бар, әсіресе Армения Қарабақты Әзірбайжанның бір бөлігі ретінде ресми түрде мойындағанын ескерсек", - деп жауап берді Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев.


Бұған дейін Мәскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатқаны хабарланған болатын. Отырыста ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі, ол бірқатар бастамаларды атап өтті, оның ішінде Қазақстан Еуразиялық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту орталығы ретінде әрекет етуге дайын екенін атап өтті.

Армения
Ресей
ЕАЭО

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі