СІМ Кореяда ұсталған қос қазақстандық туралы: Оларға ұзақ мерзімді жаза сұралуы мүмкін

Сурет: Instagram/korea_komek
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Корея әуежайынан қашқан қазақстандықтардың жағдайына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, осы және басқа да бұзушылықтар үшін оларға ұзақ мерзімді жаза сұралуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Смадияров алғашқы сот отырысы өтіп кеткенін айтты.

"Алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданып, мәліметтер нақтыланатын болады. Олар Оңтүстік Корея аумағында жазаланады. Әрине, ауыр бұзушылық. Оларға қылмыстық құқық бұзушылықтар ғана емес, қаржылық құқық бұзушылықтар бойынша да айып қосылды. Олар келтірген зиян үшін өтемақы төлеуі керек. Сондықтан біз сот шешімін күтіп отырмыз, бірақ ола ұзақ мерзім сұрауы мүмкін". Айбек Смадияров


2023 жылы 27 наурызда Оңтүстік Кореяға заңсыз келгендіктен елге кіргізуден бас тартылған Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан қашып, шекараны заңсыз кескен. ҚР СІМ мәліметінше, екі қазақстандыққа Оңтүстік Корея заңнамасын үш рет бұзғаны үшін айыптар тағылып отыр. Біріншісі - "Иммиграциялық бақылау туралы" заңды бұзу, яғни елге заңсыз кіру. Екіншісі - "Иммиграциялық бақылау туралы" заңды бұзу, яғни ел аумағында заңсыз болу. Үшіншісі – "Әуежай объектілері және оның құрылыстары туралы" заңды бұзу, материалдық залал келтіру".

ҚР СІМ мәліметінше, қазақстандықтардың бірін кейін жергілікті полиция сақшысы ұстаған, екіншісі кейін кінәсін мойындап, полицияға өз еркімен берілген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты